Маңғыстау облысы Президенттің тапсырмаларын орындауға дайын – әкім

14 Қараша, 2014 13:29
Маңғыстау облысы Президенттің тапсырмаларын орындауға дайын, деді ОКҚ брифингінде облыс әкімі Алик Айдарбаев.

«Мемлекет басшысы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауында жаңа экономикалық саясаттың идеясымен бөлісті. Сыртқы  нарықтағы келеңсіздіктер мен энергия ресурстарына бағаның өсуіне байланысты біз өз табысымызды бағдарламаларымызға бағыттауымыз керек. Осы орайда Маңғыстау облысы Президенттің тапсырмасын орындауға сақадай сай», - деді әкім.

«Сыртқы ортаның әсері жедел әрі жылдам әрекет етуге бейімдейді. Мемлекет басшының еңбегіне байланысты Қазақстанда одан әрі өсуге барлық жағдай жасалған. Бізден кәсіптік пен еңбек қажет етіледі. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты біздің экономиканың алдағы жылдардағы дамуына бағытталған», - деді ол.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына барған сапары аясында облыстың даму стратегиясын мақұлдады.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар