- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Ашықбаев: «Болашақ» бағдарламасы- Президенттің стратегиялық шешімдерінің бірі
Е. Ашықбаев: «Болашақ» бағдарламасы- Президенттің стратегиялық шешімдерінің бірі
«Болашақ» бағдарламасының маңыздылығын айта келіп, бірінші кезекте, бағдарламаның сонау 1993 жылдан бастап экономиканы жаңғырту бағытында қолға алынған бастамалардың бірі екеніне тоқталғым келеді. Сонымен қатар, қазір бағдарламаның арқасында Қазақстан Дүниежүзілік банктің болжамымен ортадан жоғары табысқа ие мемлекеттердің қатарына кіріп, алдағы уақытта кірісі жоғары мемлекеттер қатарына ену жолына түсті. «Болашақ» бағдарламасының құрылуы Президенттің осыдан 20 жыл бұрын қабылдаған көрегенді стратегиялық шешімдерінің бірі еді», - дейді сыртқы істер министрінің орынбасары.
Сонымен қатар, Е.Ашықбаевтың айтуынша, «Болашақ» бағдарламасы әлеуметтік жағдайына қарамай барлық қазақстандықтарға қолжетімді.
«2050 Стратегиясына сай, индустриялды-инновациялық дамыған әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына ену жолына түстік. Осы орайда «Болашақ» бағдарламасының үлкен мәнге ие екені анық. Мемлекеттің дамуында жалпы бұл бағдарламаның алар орны ерекше. Қазақстандық студенттердің әлемдегі ең үздік оқу орындарынан білім алу мүмкіндік беретін бағдарлама барша қазақстандықтарға қолжетімді», - дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің Bolashak Alumni Reunion Conference and Education Fair-2014 форумы өтіп жатыр.
Форум барысында қатысушылар мен шетелдік мамандар елдің Жаңа экономикалық «Нұрлы Жол» саясатындағы стипендияның маңызын талқылап, сонымен қатар сыртқы академиялық мобильділіктің нәтижелілігі мен қазақстандық оқу орындарының ғылыми әлеуетін арттыру мен интеграциялау мәселелерін талқылады.
Айта кету керек, шараға 4 мыңнан астам адам қатысуда. Олардың арасында стипендия түлектері, елдің алдыңғы қатарлы 20 оқу орны, отандық компаниялар өкілдері бар.
Индира Қауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда