• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңғыстау облысында 9 айда 13 млн тоннадан астам мұнай өндірілді - Айдарбаев

Маңғыстау облысында 9 айда 13 млн тоннадан астам мұнай өндірілді - Айдарбаев

14 Қараша, 2014 12:49
Маңғыстау облысында ағымдағы жылдың 9 айында 13 млн 800 мың тонна мұнай өндірілді, деп мәлімдеді ОКҚ өткен брифингте облыс әкімі Алик Айдарбаев.

«Мұнайгаз өндіру саласында біз қолданыстағы кенорындарының тиімділігін арттырудамыз. Алғаш рет бірнеше жыл ішінде мұнай өндіру өсімі байқалды. Жоспар 2,7 пайызға аса орындалды», - деді әкім.

Айта кетерлік жайт, мұнай өндіру ескі кенорындарында артты. Аймақ басшысының айтуынша, өсім ескі өндірісті жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу есебінен болды.

«Елбасының Қаламқас кенорнындағы мұнай өндіру коэффицентін арттыру бойынша «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ полимерді тарту бойынша жаңа қондырғыны іске қосты.  Болжам бойынша 44%-ға дейін өсім ескі кенорындарының қорын 79 млн тоннаға дейін арттыруға көмектеседі», - деді А. Айдарбаев.

Әкім түсіндіріп өткнедей, бастапқыда полимерлер шет мемлекеттен импортталатын болады. Болашақта полимерді Маңғыстаудың өзінде өндіру көзделуде.

«Облысты одан ары дамытудың стратегиялық бағыты мұнай сервистік жүйесі кластерін дамыту болып табылады. Ауқымда шара ұлттық мұнай кластері шеңберінде жүргізіледі. Каспий аймағында мұнайгаз саласына қызмет көрсету бойынша сервистік жүйені дамытуда қажеттінің барлығы бар», - деді әкім.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар