Нұрлы жол - экономикалық саясаттың жаңа сатысы – Құрманбеков

14 Қараша, 2014 15:17
Елбасы биылғы халыққа Жолдауында «Нұрлы жол» атты экономикалық саясаттын жариялады. Бұрындағы экономикалық саясаттың жаңа бір сатыға көтеріп тастайтын жалғасы деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Еркін Құрманбеков.

«Шоқан Уәлиханов: «Әр жүргізілген реформа халыққа пайдалы болу керек. Халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған болу керек. Егер де ол реформа жағымды, қолайлы болмаса, халыққа жақсылық әкелмесе, онда ол реформа қауіпті» деген. Біздің елімізде көптеген реформалар жүргізіліп жатыр. Бұл реформалардың барлығы мемлекетті нығайтуға, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, Қазақстанды озық елдердің қатарына қосуға бағытталған, халыққа қолайлы, мемлекетті нығайтуға арналған», - деді ол.

Ол атап өткендей, «Елбасы өткен жолғы халыққа арнаған Жолдауында  жиырма жылдың ішінде Қазақстан Республикасында мемлекет қалыптасқанын айтты. Енді сол қалыптасқан мемлекетті нығайту, іргесін бекіту керек. Ол үшін елдің қорғанысы мықты, халқы тату, бір, экономикасы мықты, мәдениеті мен білімі дамыған болу керек».

«Елбасы биылғы Жолдауында үш мәселені айрықша атап айтты: денсаулықты, білімді, ауыл шаруашылығын дамытуға тапсырма берді. Ол салаларға миллиардтаған қаржы бөлінеді.Мемлекетіміз саяси жағынан тұрақты, берік, халқымыз тату, экономикамыз мықты, қорғанысымыз күшті болу керек, десек,  міне, осы жолдың барлығын — енді «Нұрлы жол» көрсетеді», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар