• Басты
  • Н.Әбдібеков: Мыс қорыту зауытының жаңа жобасы Жезқазған өңірінің дамуына тың серпін береді
14 Қараша, 2014 12:07

Н.Әбдібеков: Мыс қорыту зауытының жаңа жобасы Жезқазған өңірінің дамуына тың серпін береді

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап жөндеу жұмыстары тоқтап тұрған «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС мыс қорыту зауытын іске қосу жұмысы барысымен танысты, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Н.Әбдібеков: Мыс қорыту зауытының жаңа жобасы Жезқазған өңірінің дамуына тың серпін береді

Мемлекет басшысы тапсырмасына сай «Қазақмыс» корпорациясы басқармасы мыс қорыту зауытын тоқтату туралы шешім қабылдап, қарашада 3 мың тонна мыс алып, желтоқсанда бұл көрсеткішті шамамен 9 мың тонна деңгейіне көтеру жоспарланған, деп хабарлайды әкімдік.

Қазіргі таңда зауытта шикізаттық концентрантты өңдеудің гидрометталлургиялық технологиясына өтудің тәжірибелік-өндірістік учаскесінің құрылысы бойынша жобасын дайындау жалғасуда.

«Мұның барлығы зауыт пен жалпы Жезқазған өңірінің дамуына серпін бермек», - дейді әкім.

Әкімнің аралаған жерлерінің бірі «Ұлытау Флора» ӘКК болды. Онда көкөніс қоймасы бар жылыжай кешенін құру бойынша инвестициялық жобасы іске асырылуда.

«Бұл жоба моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында ҮИИД МБ өңірлік үйлестіру кеңесі тарапынан қолдау тапты. Оның құны шамамен 230 млн теңге болса, жобалық қуаттылығы 182 тонна көкөністі құрайды. Ақшалай есептегенде бұл шамамен 105 млн теңге», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда 15 жылыжай жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар 1 мың тонналық көкеніс қоймасы құрылысы аяқталуға жақын.

Барлық жаңалықтар