- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасының жыл сайынғы Жолдауы халықты біріктіре түседі – әкім
Елбасының жыл сайынғы Жолдауы халықты біріктіре түседі – әкім
«Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты - бұл әлемнің 30 дамыған елі қатарына жасалған маңызды қадам, біздің басты мақсатымыз қысқа мерзім ішінде Елбасының тапсырмаларын сапалы орындау болып табылады,-деді әкім.
Аймақ басшысы өз баяндамасында Елбасы тапсырмалары аясында туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мен өңірді дамыту жолында атқарылар жұмыстарға тоқталды. Мысалы, соңғы үш жылда «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы аясында 139 көпқабатты тұрғын үйге 1,7 млрд, теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Келесі жылы 2.0 млрд.теңгеге 104 тұрғын үйді жөндеуден өткізу жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімдігі.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында 8 сервистік кешендерінің құрылысы үшін жер телімдері белгіленіп, 2,4 млрд теңгеге инвестиция тартылуы күтілуде.Ағымдағы жылы өңірдегі 21 елді-мекен көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Қазір облысқа қарасты ауыл-аймақтарда тұратын 600 мың тұрғын немесе 34 пайызы көгілдір отынға қол жеткізген. Бұл бағытта 2015 жылы республикалық бюджеттен 2,0 млрд. қаражат қарастырылуда.
Ал «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы басталғалы өңірде құны 41,4 млрд. теңгені құрайтын 352 жоба қолға алынған болатын. Осы бағыт бойынша келесі жылы республикалық бюджеттен 3,0 млрд. теңге бөлінеді деп күтілуде.Бұдан өзге, химия паркі, «ЕвроХим - Удобрения» ЖШС-нің жобасы аясында 4-индустриалды аймақ құру жоспарлануда.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі