• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жолдау - дағдарыстардың сынағынан сүрінбей өтуді көздейтін стратегиялық құжат – Қ.Шолақ

Жолдау - дағдарыстардың сынағынан сүрінбей өтуді көздейтін стратегиялық құжат – Қ.Шолақ

14 Қараша, 2014 10:13
Жолдау – Ата заңымыз – Конституцияның талаптарын бұлжытпай орындау тәртібін қалыптастырып, құқықтық мемлекет орнатудың негізін қалаушы бірден-бір іргелі факторына, сондай-ақ өркениетті дәстүріне айналды, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында ақын, алаш әдеби сыйлығының иегері Қуандық Шолақ.

«Президент Жолдауы халық пен билікті бір мақсат, бір мүддеге жұмылдыра отырып, бүкіл елдің ынтымағы мен жасампаздығын ұйымдастыратын рухани басты құжат болып, тұрмысымызға, өмірімізге енді», - деді ол.

Жылдағы Елбасы жолдауы мемлекет өмірінде айрықша орын алатындығы, оның ел өркендеуіндегі ықпалдылығы халықтың әр жылы жаңа Жолдауды асыға күтіп жүретіндігі баршамызға аян.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы ел өмірінде саяси оқиға болып отыр. Президентіміздің бұл Жолдауын - Қазақстанның әлемдік дағдарыстардың сынағынан сүрінбей өтуін көздейтін әрі экономикамызға серпіліс беретін стратегиялық құжат деп білемін», - деді ақын.

Жолдауда Отанымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын нақтылап берді. Көлік байланысының көкжиегін кеңейту, тұрғын үй саясаты, туризм, білім саласы, бизнесті өркендету бұл жолдаудың негізгі өзегіне айналған.

 

Барлық жаңалықтар