• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Нұрлы жол» жаңа саясатының мүмкіндіктерін барынша қолдану қажет - Т.Дүйсенова

«Нұрлы жол» жаңа саясатының мүмкіндіктерін барынша қолдану қажет - Т.Дүйсенова

14 Қараша, 2014 09:23
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Министр Т.Дүйсенованың төрағалығымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру мәселелеріне арналған аппараттық жиын болып өтті, деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

«Жиынға министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомствоға қарасты ұйымдардың жетекшілері қатысты. Министр еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жан-жақты сараптама жасалған және «Қазақстан -2050» ұзақ мерзімді стратегиясын және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі міндеттерді іске асыруда нақты бағдар көрсететін Жолдаудың маңыздылығына тоқталды», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы әлеуметтік саладағы нақты міндеттерді айқындап бергенін, сондай-ақ, ҚР Үкіметіне мемлекет өзіне алған барлық әлеуметтік міндеттемелерді толықтай қамтамасыз ету жүктелгені айтылды. Сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламалары бойынша жұмыстар жалғасатын болады.      

 «Әлеуметтік мәселелерді табысты шешіп, әрбір қазақстандықтың өмір сапасын арттыруды үшін индустриалдық, көлік-логистикалық, энергетикалық және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту арқылы тұрғындарды әрі қарай жұмыспен қамтуды көздейтін «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын барынша тиімді пайдалану керек»,- деді ол.   

Барлық жаңалықтар