• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан азаматтарының 97%-ы қуатты және гүлденген мемлекетте өмір сүргісі келеді – әлеуметтік сауалнама

Қазақстан азаматтарының 97%-ы қуатты және гүлденген мемлекетте өмір сүргісі келеді – әлеуметтік сауалнама

14 Қараша, 2014 09:12
Қазақстан азаматтарының 97%-ы қуатты және гүлденген мемлекетте өмір сүргісі келеді. Мұндай қорытынды Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына орай Еуразиялық интеграция институтының өткізген әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша шығарылып отыр.

Әлеуметтік сауалнама бойынша, қазақстандықтардың 95%-ы ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының маңызды шара екенін айтса, елдің 94,1%-ы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаттың алдағы жылдары мемлекетті алға сүйреуші күшке айналатынына сенімді.

Сонымен қатар, респонденттердің 92,5%-ы «Нұрлы Жол» арқылы заманауи көлік желісінің жаңа деңгейге көтерілетінін айтады.

Әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша, ел азаматтарының 90,7%-ы «Нұрлы Жол» елдің даму деңгейіне тың серпін беріп, азаматардың 95,4 пайызының ойынша, жаңа экономикалық саясат Қазақстанның әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына ену жолындағы шараларын жеделдетпек.

«Нұрлы Жол» қазақстандықтардың әлеуметтік деңгейін көтереді. Мұны сауалнамаға қатысқандардың 93%-ы мойындап отыр. Ал елдің 96 пайызы болашақта көлік желісінің қазақстандықтар үшін тағы бір үлкен қазынаға айналатынын айтады.

Айта кету керек, 11-12 қарашада ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына орай Еуразиялық интеграциялық институт халықа арасында телефонмен жедел сауалнама жүргізген еді. Сауалнамаға жалпы саны елдің 14 облысы мен Алматы және Астана қалаларынан 812 мың адам қатысты.

Барлық жаңалықтар