Қазақстанда тұратын этникалық немістердің мәселесі Берлинде талқыланды

14 Қараша, 2014 09:01
Берлин қаласында Қазақстанда тұратын этникалық немістердің мәселесі жөніндегі қазақстандық-германдық Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Аталған комиссияға Қазақстан тарапынан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков, Германия тарапынан  Федералдық үкіметтің қоныс аударушылар және аз ұлт істері жөніндегі өкілетті уәкілі, Бундестагтың депутаты Хартмут Кошик төрағалық етті.

Мәжіліс барысында қазақстандық дипломат Қазақстандағы этникалық немістер және Германияда тұратын ҚР-нан қоныс аударушылар екі елдің арасындағы «тірі көпірі» болып табылатындығын және екіжақты ынтымақтастықты дамытуға маңызды үлес қосып отырғандығын атап өтті.      ГФР үкіметінің өкілі Х.Кошик Қазақстан немістерінің маңызды рөл атқарып отырғанын жеткізді. Ол өз сөзінде «Біз әуел бастан-ақ  Қазақстанның этникалық немістері үшін өмірдің осындай қалыпты  жағдайын тек ҚР азаматтық қоғамында жасап қоймай, сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық пен достықтың қосымша «көпірі» қызметін атқаруға да ортақ мақсат көздеп отырмыз»,- деді.

Отырыс аясында тараптар мәдени, білім және жастар саясатын, сонымен қатар Қазақстандағы этникалық немістерді қолдау жөніндегі бағдарламаларды жалғастыру мәселелері талқыланды.

Барлық жаңалықтар