Қуатты Қазақстанды құрудың тетігі айқындалды – Бұлұтай

13 Қараша, 2014 18:58
Дамудың даңғыл жолына түскен Қазақ елін жаңа белестерге бастайтын Бас құжат – Елбасының Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауы жарияланды. Бұл Жолдаудың бұрынғы Жолдаулардан өзгешелігі, мұнда елімізді алға бастыратын экономикалық аспектілерге басымдық беріліп, нақты көрсетілген. Яғни, қуатты Қазақстанды құрудың тетігі айқындалып отыр, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы «Мыңарал Тас Компани» ЖШС-нің Бас директоры Мұртаза Бұлұтай.

«Кәсіпкерлікті дамыту үшін жеңілдікпен несиелеуге, банк секторын сауықтыру үшін қыруар қаржы бөлінгелі отыр. Ендігі кезекте баршамыз тізе қосып жемісті еңбек етуіміз қажет. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан Қазақ елінің алда алар асулары, бағындырар биіктері көп боларына сенемін», - деді ол.

Ол атап өткендей, «аудандағы ірі кәсіпорынның басшысы ретінде менде халықтың әл-ауқатын көтеру бағытындағы тарихи құжаттың серпінді түрде іске асуына бар мүмкіндігімді жұмсайтын боламын».

« Біз тәуелсіздік туын берік ұстай отырып, ең алдымен өз еліміздің, өз азаматтарымыздың құқықтарын қорғау бағытында жүзіміз жарқын болуы үшін бәсекеге қабілетті, өтімді тауарлар өндіруге күш салайық. «Еңбек – бәрін де жеңбек» деген қағиданы істе жүзеге асырып, одақтастар арасында мемлекет мәртебесінің биік болуына үлес қосайық», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар