Нұрлы жол – мемлекеттің мызғымас идеялық тұғыры – Сыздықов

13 Қараша, 2014 18:22
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасының Жолдауын зейін қоя тыңдадық. Әлемді шарпыған қаржы дағдарысына қарамастан даму жолында келе жатқан тәуелсіз еліміздің алдағы даму кезеңіне нақты стратегиялық бағдарлар белгілеп берген Жолдау болды, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының жеке кәсіпкері Орынбасар Сыздықов.

«Елбасының «Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек», - деді ол.

Оның айтуынша, Mәңгілік ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы» - деген пікірін толығымен қолдаймыз.

«Елбасының сенімді сөздерінен кейін алдымыздағы жылдар еліміз үшін жаңару мен өсу жылдары болатындығын ұғындық», - деді ол. 

Барлық жаңалықтар