- Басты
- Жаңалықтар
- А.Мырзахметов: Президент Жолдауының ерте жариялануы халықаралық нарықтағы тұрақсыздыққа байланысты
А.Мырзахметов: Президент Жолдауының ерте жариялануы халықаралық нарықтағы тұрақсыздыққа байланысты
«Мемлекет басшысы биыл кезекті рет елдің даму бағытын айқындап берді. Біз осы уақытта заманның кейбір қатерлерін оң еңсере отырып, оны керісінше мүмкіндіктер ретінде пайдаланып, өзіміздің даму жолымыздан айныған жоқпыз», - дейді А.Мырзахметов. Оның айтуынша, Президент Жолдауының ерте жариялануы халықаралық нарықтағы тұрақсыздыққа байланысты болып отыр.
ҰКП басшысының айтуынша, кәсіпкерлік қауымдастық Жолдауды ерекше құлшыныспен қабылдап жатыр.
«Бастысы, әлемдік қатерлер кезінде экономика өсімінің қарқынын бәсеңдетіп алмау керек және қоғамның әлеуметтік ахуалын құлдыратпау керек. Сонымен қатар мемлекеттің қоғам алдындағы басты міндеттері зейнетақы мен жалақы міндеттемелерін қамтамасыз ету керек», - дейді.
А.Мырзахметов нарық тұрақсыздығы кезінде экспортқа бағытталған өнімдер сұранысы туралы айтты.
Оның айтуынша, кәсіпкерлер мемлекеттің қай тұрғыда қамқорлық танытатынын танып отыр. «Нақты және түсінікті түрде мемлекеттің қолдау көрсету тетіктері мен жағдайлары анықталған. Алға қойылған мақсат та айқын», - дейді Абылай Мырзахметов.
Камила Амирова
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді