• Басты
  • Жаңалықтар
  • Түркия Қазақстанда спорт индустриясын дамыту үшін 20 млн долларға дейін инвестиция құюға дайын - МСМ

Түркия Қазақстанда спорт индустриясын дамыту үшін 20 млн долларға дейін инвестиция құюға дайын - МСМ

13 Қараша, 2014 16:37
Түркия Қазақстанда спорт индустриясын дамыту үшін инвестиция құюға дайын, - бұл туралы Астана қаласында «Қазспортинвест» АҚ ұйымдастырған Түркиядан келген әлеуетті инвесторлармен өткен ресми кездесуде айтылды, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігі.

«Түркияда велосипед өндіретін «Salcano» және спорттық киім тігетін «Inka Sportif» атты ірі өндірушілер Қазақстанда велосипед фабрикасын ашуды жоспарлауда, сондай-ақ олар «Қазспортинвест» АҚ базасында инновациялық технологияларды пайдалана отырып, спорттық киім мен жабдықтар тігетін фабрика ашуға дайын», - делінген хабарламада.  

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, 20 миллион АҚШ долларына дейін тікелей инвестиция тарта отырып, 2015 жылдың бірінші тоқсанында жоғарыда айтылған инвестициялық жобаларды іске асыруды бастау жөнінде келісімге келді.

Айта кетейік,  «Қазспортинвест» АҚ Президенті Арнабол Бақыт Түркияның жастар ісі және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің бас директоры Мехмет Байканмен кездесті. Кездесу барысында инвестиция тарту және жаңа спорттық технология мен спорттық әкімшілік саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ бірлескен спорттық іс-шаралар өткізу жөнінде екіжақты ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.

 

Барлық жаңалықтар