• Басты
  • Жаңалықтар
  • «KEGOC» АҚ акцияларын сатып алудың максималды сомасы 7 млн теңгеден асады – сарапшы

«KEGOC» АҚ акцияларын сатып алудың максималды сомасы 7 млн теңгеден асады – сарапшы

13 Қараша, 2014 13:01
«Халықтық IPO» бағдарламасы аясындағы «KEGOC» АҚ акцияларын сатып алудың максималды сомасы 7 млн теңгеден асады, деп мәлімдеді бүгін бағдарламаға халықты тартуға арналған баспасөз конференциясында «Асыл Инвест» АҚ сату департаментінің директоры Мұхит Сейдахметов.

«Былтыр «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары сатылғанда да бір қолға 7 млн теңге шамасындағы акциялар берілген еді. Биыл да осыдан таймаймыз. Ат төбеліндей ғана ақшасы бар адамдар барлық акцияны сатып алмау, оған халықтың қатысуы үшін осындай шектеу қойып отырмыз», - дейді М. Сейдахметов.

«Бір қолға шамамен 14 мың акциядан тиеді. Компания акцияларының біреуі  505 теңгеден саудаланатынын ескерсек, шамамен бір қолға 7 млн 70 мың теңгенің акциялары беріледі», - дейді «Қазпошта» АҚ атқарушы директоры Санат Аханов.

Айта кету керек, брокерлік есепті ашу құны тегін және бұл үш күн уақыт алады.

«Халықтық IPO» бағдарламасының өзі ақырғы мақсат емес екенін халықтың түсінуі керек. Бағдарламаның негізгі мақсаты елді қаржы саласында ағарту», - дейді Мұхит Сейдахметов.

Жалпы, оның айтуынша, халықтың бағдарламаға деген сенімі бұрынғы IPO-ларға қарағанда ерекшелікке ие. Бағдарлама бренді нығаюда. Бастапқыда бағдарламаға қызығушылықпен ғана келсе, қазіргі халық үлкен сеніммен мақсатты түрде келуде», - дейді.

Камила Амирова

 

Барлық жаңалықтар