• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында Серік Ахметов Ресей және Қырғызстан елдерінің Үкімет басшыларымен кездесті

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында Серік Ахметов Ресей және Қырғызстан елдерінің Үкімет басшыларымен кездесті

25 Қыркүйек, 2013 16:25
Бүгін күннің екінші жартысында Қазақстанның Премьер-Министрі Серік Ахметов Жоғары Еуразиялық кеңес отырысына келген Ресейдің Үкімет төрағасы Дмитрий Медведев пен Қырғызстанның Премьер-Министрі Жанторо Сатыбалдиевпен кездесті.

Ресейлік әріптесімен кездесу барысында С. Ахметов «екі мемлекет арасындағы  ынтымақтастық жөнінен қарым-қатынасты күшейту» туралы айтып өтті.

Д.Медведев тараптардың байланысы қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтті.

«Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жедел түрде дамуда», - деді РФ Үкімет басшысы.

Шара барысында сауда-экономикалық саланың өзекті сұрақтары талқыланды. Атап айтсақ, көлік саласындағы біріккен жобалардың жағдайы қарастырылды.

Жиында Қырғызстанның Премьер – Министрі Жанторо Сатыбалдиев қазақ-қырғыз қарым-қатынасының нығаюын дамытуды атап өтті.  

«2012 жылы сауда-экономикалық айналымның  ауқымы миллиард доллардан асып түскен», - деп С. Ахметов атап өтті.

Өз кезегінде Ж. Сатыбалдиев мемлекет аралық ынтымақтастықты белсенді жүзеге асыруды қолдайтынын нақтылады.

 

 

Барлық жаңалықтар