• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар республикалық «Жандану» эко-өткелі жобасының эстафетасын қабылдады

Павлодар республикалық «Жандану» эко-өткелі жобасының эстафетасын қабылдады

13 Қараша, 2014 15:49
Ә.Назарбаеваның «Жандану» экологиялық жобасы аясында 2014 жылдың 14 қазанында Ақтөбе облысының оқу орны қабырғасында басталған «Қазақ елім – жасыл жерім» эко-өткелі бүгін Павлодар облысына келді.

Эко-өткелдің басты мақсаты өскелең ұрпақтың санасында экологиялық тәрбие мен сананы ояту болып табылады. Шараның ерекшелігі сонда, оның басты тұлғалары Павлодар облысы Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округіндегі М.Қабылбеков атындағы орта мектеп оқушылары болмақ, деп хабарлайды «Жандану» жобасының білім беру және жастар бағдарламасының  департаменті.

Эко-өткелді «Балалықтың мейірімді ғаламшары» балалар сурет көрмесі ашпақ.

«Отбасы мен адам тәрбиесі туралы оқушылардың сөздері мен экологиялық мәдениет туралы ойлары айтылды. Экологиялық тәрбие мен сананы ояту тек қана қоршаған ортаны қорғау мәселесі емес, сонымен қатар адамгершілік құндылықтармен де тікелей байланысты. Мұның барлығы оқушылардың «Экологиялық мәдениет – «Мендігімнің» мәдениеті» ғылыми-тәжірибелік коференциясында айтылды», - делінген хабарламада.

Шара «Жер мұрасы» деректі фильмінің көрсетілуімен жабылмақ.

Айта кету керек, жаңа оқу жылының басынан бері Ә.Назарбаеваның «Жандану» экологиялық жобасы аясында балалар мен оқушыларға арналған экологиялық республикалық шығармашылық байқау жарияланып, студенттер «Жандану» сыйлығының инновациялық жобалар байқауына қатысады. Жеңімпаздар 2015 жылдың сәуір айында Алматы қаласында өтетін II Ұлттық Эко-Форумда белгілі болады.

Барлық жаңалықтар