• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Самұрық-Қазына» алты жұмыс күнінде «KEGOC» АҚ-ның 1 млн акциясын сатты (Фото)

«Самұрық-Қазына» алты жұмыс күнінде «KEGOC» АҚ-ның 1 млн акциясын сатты (Фото)

13 Қараша, 2014 11:51
«Самұрық-Қазына» алты жұмыс күнінде «KEGOC» АҚ жалғыз аакционері ретінде жалпы құны 581 млн 424 мың 175 теңге көлеміндегі 1 млн-нан астам акциясын сатты, деп мәлімдеді «Самұрық-Қазына» АҚ бас директорының орынбасары Ерқанат Абени.

«5-12 қараша аралығындағы 6 жұмыс күнінің  қорытындысы бойынша 1156 өтініш келіп түскен. Осы орайда жалпы құны 581 млн 424 мың 175 теңге көлеміндегі 1 млн 151 мың 335 акциясы сатылды. Акция құны 505 теңге екені белгілі», - дейді Е. Абени.

Оның айтуынша, өткен жылдағы акция сату науқанындағы «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын сатумен салыстырғанда берілген өтініш саны 947-ні құрады.

Өздеріңізге де белгілі, «Халықтық IPO» бағдарламасы 1 қазанда басталған. Ал 17 қазаннан бастап елдің әрбір өңірі түсіндіру жұмыстарына кіріскен. «Республиканың 25 қаласындағы шамамен 30 мың адам ашық лекцияларға келіп, бағдарлама туралы мәлімет алды», - дейді ол.

Айта кету керек, «Халықтық IPO» бағдарламасы аясындағы ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстары биылғы жылдың қараша айының  соңына дейін ұйымдастырылады.

«Ақпараттық компания жұмысы қызып тұр. IPO бағдарламасының жетістігі оған қазақстандықтардың белсенді қатысуына тікелей байланысты. Дәл қазір брокерлермен келісім құрып, брокердің тұтынушылық есебін ашу керек. Ол акция сатып алу үшін керек», - дейді.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар