СҚО-да азаматтардың 89%-ы нотариалдық қызметтер сапасына көңілі толады

13 Қараша, 2014 19:46
Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының 89%-ы нотариалдық қызметтер сапасына көңілі толады, деп хабарлайды СҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі.

«Солтүстік Қазақстанда халықтың нотариалдық қызметтерге қанағатану деңгейін анықтау мақсатында 2014 жылдың 24 қыркүйегі мен 5 қарашасы аралығындағы СҚО Әділет департаменті азаматтарға әлеуметтік сауалнама жүргізді», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, халықты барынша кеңінен қамту мен облыстағы нотариалдық қызметтер тиімділігін анықтау үшін сауалнамалар Ішкі істер департаментіне, Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаментіне, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына, өңірдің аудандық әділет басқармаларына жіберілді. Сауалнамаға 18 жастан жоғары 1722 адам қатысты. 

Қорытындыдан байқағанымыздай, сауалнамаға қатысқан азаматтардың 89%-ы нотариустардың көрсететін қызмет сапасына қанағаттанады, деп хабарлайды департамент.

Айта кету керек, СҚО Әділет департаменті тұрақты түрде облыс нотариустарының біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізіп тұрады.

Барлық жаңалықтар