- Басты
- Жаңалықтар
- Бірінші вице-премьер Б.Сағынтаев ОҚО-да мақталы егістік алқаптарын әртараптандыру жөнінде кеңес өткізді
Бірінші вице-премьер Б.Сағынтаев ОҚО-да мақталы егістік алқаптарын әртараптандыру жөнінде кеңес өткізді
Күннің алғашқы жартысында бірінші вице-премьер Мақтаарал ауданында болып, онда «Нұралыжол-Ж» шаруа қожалығындағы мақта, бақшалық дақылдар және жоңышқа өндірісімен танысты. Бақытжан Сағынтаев Ділдәбек ауылдық округінде Шардара су қоймасынан машиналық су жіберу сорғы станциясын қарап шықты.
Одан кейін бірінші вице-премьер мақта және бақшалық дақылдарды, сондай-ақ жүзімдіктер, алма бақтарын, анар және басқа да жеміс-жидек өнімдерін өсірумен айналысатын
"Қаршыға" шаруа қожалығында болды. Мұнда Бақытжан Сағынтаев Мақтаарал ауданының мақталы егістік алқаптарын әртараптандыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Өңірде мақтаның дара дақылдығының басымдығы, вегетациялық кезеңде су ресурстарының тапшылығы, суарылатын жерлердің мелиоративтік жай-күйінің нашарлауына байланысты проблемалар бар екендігі белгілі.
Аталған проблемаларды шешу үшін 2014-2016 жылдарға арналған егістік алқаптарын әртараптандыру бойынша іс-қимылдардың егжей-тегжейлі жоспары әзірленуде. Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша облыс әкімдігі мүдделі министрліктермен бірлесе отырып аталған құжатты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізетін болады.
Күннің екінші жартысында бірінші вице-премьер Шардара СЭС жұмысымен танысады және Шардара су қоймасының Арнасай бөгетіне барады. Онда Арнасай бөгетіндегі гидротехникалық құрылыстар кешенін қайта жаңарту бойынша жобаны іске асыру мәселелерін талқылайды.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба қандай нәтиже береді -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Ұлт саулығы Ұлттық кеңестің назарында -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді