- Басты
- Жаңалықтар
- Атырау облысында шағын бизнес субъектілеріне электр энергиясы үшін 100% алдын ала төлемді алып тастау туралы меморандумға қол қойылды – ҰКП
Атырау облысында шағын бизнес субъектілеріне электр энергиясы үшін 100% алдын ала төлемді алып тастау туралы меморандумға қол қойылды – ҰКП
Меморандумға сай, электрмен қамту бойынша қолданыстағы келісімге 100% алдын ала төлемді алып тастау туралы өзгерістер енгізілмек.
«100% алдын ала төлемді алып тастау туралы шарт шағын бизнес субъектілеріне ауыртпалық салатын мәселелердің бірі еді. Оған дәлел кәсіпкерлердің электрмен қамту ұйымдарына 100% алдын ала төлем жасау талаптарының қаншалықты заңды екенін анықтау мақсатында жазған хаттары мен өзге де қолданған шаралары. Өйткені бұл кәсіпкерлерге айтарлықтай ауыртпалық салып, белгілі бір деңгейде кәсіпкерлер жұмысын тежейді. Айта кету керек, кей жағдайларда кәсіпкерлердің осынау төлемді төлеуі үшін банктерден қосымша несие алып жататын жағдайларыда кездеседі. Аталмыш талап келісімнің шарты ретінде 2002 жылдан бері енгізілген еді. Сол себепті 100% алдын ала төлемді алып тастау туралы меморандумның жасалуы шағын кәсіпкерліктің дамуына үлкен қадам болмақ», - дейді Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек Жақиев.
«Атырау Энергосату» ЖШС директоры Эльмира Исембергенованың айтуынша, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 100 пайыз алдын ала төлемінен босату үшін кәсіпкерлер электрмен қамту ұйымдарына egov.kz электронды базасынан өздерінің шағын кәсіппен айналысатыны туралы анықтама алып келуі керек. Осының негізінде кәсіпкерлермен қолданыстағы келісімге қосымша келісім құрылады. Оған сай, кәсіпкер электр қуатының тек тұтынған көлеміне ғана төлеп отырады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі