- Басты
- Жаңалықтар
- ІІМ қысқы кезеңде ТЖ-ны жоюға бағытталған дайындық деңгейін тексерді
ІІМ қысқы кезеңде ТЖ-ны жоюға бағытталған дайындық деңгейін тексерді
«Азаматтардың қауіпсіздігін және жеке облыстың төтенше жағдайларға жедел ден қоюға әзірлікті қамтамасыз ету үшін ҚР ІІМ ТЖ комитеті Батыс Қазақстан облысындағы қыс мезгіліне дайындалу бойынша практикалық жұмысқа зерделеу жүргізуде. Ауқымды сипаты бар «Қыс 2014» республикалық оқу-жаттығу барысында қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға ден қоюдың барлық жүйесі күштері мен құралдарының әзірлігін тексеру, ТЖ-ны жою кезіндегі өзара іс-әрекетті пысықтау жоспарлануда», - делінген хабарламада.
Оқу-жаттығуға орталық және жергілікті атқарушы органдар, оның ішінде облыстар, Астана және Алматы қалалары төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары, ведомстволық бағынысты ұйымдары қатысады.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаттары - қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі және халықтың әзірлігі мен қабілет деңгейін арттыру; көлік магистральдары мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуі бұзылған жағдайда орталық және жергілікті атқарушы органдардың өздеріне бағынысты күштерді басқару бойынша жұмысында үйлесімділікті жетілдіру; қысқы кезеңдегі ТЖ жою үшін құрылған азаматтық қорғаудың авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары санын, құрамын, мақсатқа сай болуын және іс-қимылдарға әзірлігін, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстар қорларының, энергиямен жабдықтаудың резерв көздерінің бары және жай-күйін тексеру.
Оқу-жаттығуға дейін қыс мезгіліне дайындық бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.
Сонымен қатар оқу-жаттығуға дайындық кезінде автожолдарда болжамды қар борасыны орындарында халықты жылыту пункттерінің қажетті саны дайындалды, қысылтаяң жағдайлар, штабтық жаттығулар кезіндегі іс-әрекеттерге оқыту ұйымдарында, оқу орындарында сабақтар өтті. Дүлей зілзалалар орын алған аудандарда қалған адамдарды іздеу, оларды уақытша орналастыру аудандарына эвакуациялау, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету әзірлігі тексеріледі.
«Қыс-2014» РКШОЖ аясында республика бойынша қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша тактикалық-арнайы жаттықтырулар өтеді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда