• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚТЖ Мемлекет Басшысының Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыруға кірісті

ҚТЖ Мемлекет Басшысының Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыруға кірісті

13 Қараша, 2014 12:04
«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин ұлттық компанияның басшылық құрамының қатысуымен жедел кеңес өткізді. Онда Мемлекет Басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысы талқыланды, деп хабарлады Ұлттық компания.

Бас қосуда сала басшысы ел Президенті тапсырған міндеттерді белгіленген мерзімде әрі сапалы орындау қажеттігіне тоқталды.

«Оның ішінде, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ алдындағы кезек күттірмейтін шаралар туралы Жоспар түзіп, бекіту тапсырылды», - делінген хабарламада.

Оған қоса, Қазақстан Президентінің Жолдауында айтылған жайларды және одан туындаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ алдында тұрған тапсырмаларды барлық еңбек ұжымдарындағы жиналыстарда түсіндіру, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуындағы маңызы туралы шаралар өткізілуі қажеттігін дәйектеді.

Барлық жаңалықтар