• Басты
  • Жаңалықтар
  • РФ-ның Астрахань облысымен ынтымақтастық туралы «Жол картасын» жасақтау жоспарлануда - СІМ

РФ-ның Астрахань облысымен ынтымақтастық туралы «Жол картасын» жасақтау жоспарлануда - СІМ

13 Қараша, 2014 15:34
РФ Астрахань облысының губернаторы Александр Жилкинмен кездескен РФ-дағы Қазақстанның Елшісі Марат Тәжин облыспен Қазақстанның ынтымақтастығы туралы «Жол картасын» жасақтауды ұсынды, деп ҚР СІМ хабарлады.

«Кездесу барысында екіжақты аймақаралық экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық туралы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, балық шаруашылығы, кооперация, логистика, қызмет пен мұнай индустриясы инфрақұрылымдарын дамыту салаларында екіжақты мүмкіндіктер толығымен падаланылмай келеді, деп атап өтілді. Осы ретте, келер жылдың 1 қаңтарынан күшіне енетін Еуразиялық эонокмиалық одақ аясында үлкен мүмкіндіктерге жол ашылады», - делінген хабарламада.

Аталып өткендей, кездесу барысында РФ-дағы Қазақстанның Елшісі Марат Тәжин облыспен Қазақстанның ынтымақтастығы туралы «Жол картаны» жасақтауды ұсынды. Оның айтуынша Астрахань облысының аумағында қазақстандық қапиталдың қатысуымен жұмыс істейтін 43 кәсіпорын бар.

Сонымен қатар Елші, Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халына Жолдауын таныстырып, «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаттың негізгі өлшемдеріне тоқталды. Аталмыш бағдарлама ҮИИДМБ екінші бесжылдығымен сай келеді және инвестициялық белсенділікті арттыру мен бизнеске қолдау көрсету бойынша тиімді тәсілдері бар.

«Атап айтар болсақ, басымдылық көлік-логистика саласына берілген. Инфрақұрылымдарды дамыту жоспары аясында Атырау-Астрахань бағыты бойынша автожол учаскісіне үлкен көңіл бөлінген. Бұдан басқа тарминалды қуаттылықтырдың құрылысы мен жалға алу мәселелері де қаралатын болды», - деп түйді М. Тәжин.

Барлық жаңалықтар