- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрлы жол – ел дамуының жаңа баспалдағы
Нұрлы жол – ел дамуының жаңа баспалдағы
«Бүгінгі таңда әлемде болып жатқан жағдайларды назарға алсақ, онда бүгінгі Жолдаудағы көтерілген мәселелер халықтың ойынан шығатынына кәміл сенемін. Елбасымыз 2015-2017 жылдарға арналған еліміздің экономикалық жаңа саясатында алдымызда тұрған мақсаттарды егжей-тегжейлі айқындап берді», - деді ол.
Ол Елбасы айтқан «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізінің жаңа инфрақұрылымдарының ашылуы жас мемлекетіміз үшін аса маңызды деп есептейді.
«Еліміздегі әрбір азамат бәсекеге қабілетті болғаны басты шартқа айналып отыр. Егер кез-келген қазақстандық басқа елдердің азаматтарымен өзі меңгерген мамандық бойынша тең отырып ой таластыруға жараса, онда мемлекетіміздің шоқтығы одан бетер арта түседі», - деді ол.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жалпы ішкі өнім үлесіндегі шикізат өндірісінің көлемін төмендетіп, қайта өңдеу технологияларын қолға алу қажеттігі туралы айтты. Бұл халқымыздың қазба жер байлықтарына ұқыптылықпен қарап, қоршаған ортамызды сақтап, әрбір өндірістік салада кластерлік жүйе қалыптастыруға міндеттейді. Қолда бар ресурсты тиімді әрі сауатты пайдалансақ қана ол келер ұрпағымызға игілік әкелері сөзсіз. Елбасынан бағдар берілді, жоспар жасалған, енді тек еңбек ету ғана қалып отыр, деді ол.
«Жалпы, Елбасының Жолдауы жұртымызды алға жетелейтін жаңа құжат болғаны даусыз. Көшбасшымыз көрегендік таныта отырып, Қазақстанды дамушылар қатарынан дамыған елдер сапына қосуды арман ететіндігін аңғартты. Бұл биікке барлығымыз бірігіп, өз үлесімізді қосу арқылы ғана жетеміз. Сондықтан да Жолдауда жүктелген тапсырмаларды орындау - әрбіріміздің Отан алдындағы парызымыз деп білемін», - деді ол.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды