• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК отырысында ЕАЭО органдарының қызметтеріне байланысты мәселелер қаралды

ЕЭК отырысында ЕАЭО органдарының қызметтеріне байланысты мәселелер қаралды

13 Қараша, 2014 09:01
Еуразиялық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) Мәскеуде өткен отырысына ҚР Премьер-Министірінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатысты, деп ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңеске қатысушылар Кедендік одақ (КО) пен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің (БЭК) қызметі мен Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) құрылу аясында бірқатар маңызды мәселелерді қарастырды.

«Күн тәрібіндегі басты мәселе осы  жылдың 29 мамырында қол қойылған ЕАЭО туралы келісімге сай құрылып жатқан Еуразиялық экономикалық одақ қызметін тиімді ету болды. Атап айтар болсақ, ЕЭК қызметкерлерін аттестациялау және ЕЭК қызметке орналасқысы келетіндерді іріктеп алатын конкурстық комиссияны құру бойынша ортақ өлшемдер жасақталды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ЕАЭО кедендік заңнамасын жетілдіру бойынша келісімге қол жеткізілді. Бұл салада процедураларды жетілдіру және қолайлы жағдай жасауға басымдылық берілді.

Кеңес ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесін құруға арналған екіжылдық Жоспарды мақұлдады. Ол мәліметтердің ортақ базаға топтастырылуын және қолжетімділігіне мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Зияткерлік меншік нысандарына құқықты қорғау қызметін үйлестіру бойынша келісім мақұлданды.

Барлық жаңалықтар