- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жолдың» басымдықтары елдің үдемелі дамуын қамтамасыз етеді – Дауылбаев
«Нұрлы жолдың» басымдықтары елдің үдемелі дамуын қамтамасыз етеді – Дауылбаев
«Отырысты ашқан Бас Прокурор «Қазақстан - 2050» Стратегиясында белгіленген стратегиялық мақсаттардың заңды жалғасы болған Елбасының кезекті Жолдауының маңызына тоқталды. Мемлекеттің «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының шешуші басымдықтары экономикадағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға және дағдарыс жағдайында елдің қарыштап дамуын қамтамасыз етуге бағытталған», - деп хабарлады бас прокуратура.
Жолдауда көрсетілген қағидаларды табысты жүзеге асыру мақсатында орталық аппаратқа және жергілікті жерлердегі барлық прокурорларға Ұлттық қордан бөлінген қаржының игерілуінің заңдылығын қамтамасыз етуді және оның жүзеге асуына қажетті жан-жақты шаралар қолдануды тапсырған Бас Прокурор бюджет қаражатының жұмсалуымен байланысты кез-келген сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу бойынша прокуратура органдары мен уәкілетті органдардың күш біріктіруінің маңыздылығын баса атап көрсетті.
«Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің отырысында бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасы да осы мақсатқа жұмылдырылған. Бағдарлама сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған кешенді шараларды қарастыратын жемқорлыққа қарсы мемлекеттік стратегияның идеологиялық негізін қалады.
Құжатта белгіленген мақсаттар мен міндеттер қадағалаушы органдар жүргізіп отырған сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі басымдықтарымен толығымен сәйкесіп жатыр. Соңғы үш жылда тексеріс қорытындылары бойынша прокуратура органдары 400-ден аса қылмыстық іс қозғап, 7800-ден астам прокурорлық қадағалау актісін енгізгендігінің нәтижесінде мемлекет кірісіне жарты миллиард теңге қайтарылды. Сыбайлас жемқорлық бойынша заң бұзған 3200 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат жүргізу мақсатында 20 мыңнан астам құқықтық түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
А.Дауылбаев атап көрсеткендей, аталған жұмыстың аясында халықты сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізудің нәтижелерімен таныстыру ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті насихаттау мен соған сәйкес дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру, азаматтық ұстанымның жаңа үлгілерін жасау аса маңызды. Төменгі құрамдағы сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейін ескере отырып, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түріне төзбеушілік идеологиясын қалыптастыру қажет. Бұл жерде барша қоғамның, барлық саяси және қоғамдық институттардың атқаратын рөлі маңызды болмақ.
Халық пен бизнестің билік органдарына сенімі деңгейінің артуы осы аталған жұмыстардың нәтижесі болуға тиісті. Сондықтан да, Елбасы атап көрсеткендей, прокуратура органдары қашанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, олардың жұмыстарына бақылаушы-қадағалаушы органдарының кедергі жасамауын қадағалау ісіне басымдық береді.
Бас Прокурор Елбасының Жолдауын, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Өзен суымен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр