• Басты
  • Жаңалықтар
  • А. Мурадов: «Нұрлы жолды» жүзеге асыру - әр қазақстандықтың азаматтық борышы (Брифинг бейнебаяны)

А. Мурадов: «Нұрлы жолды» жүзеге асыру - әр қазақстандықтың азаматтық борышы (Брифинг бейнебаяны)

12 Қараша, 2014 16:29
«Нұрлы жол» жаңа саяси бағдарламаны жүзеге асыру - әр қазақстандықтың азаматтық борышы, деп ағынан жарылды ОКҚ өткен брифингте ҚР Мәжіліс депутаты Ахмед Мурадов.

«Бізге Ұлт көшбасшысы нақты әскери тапсырма берді. «Нұрлы жол» жаңа саяси бағдарламасы үміт пен сенімділік сыйлайтын құжат болды және оны жүзеге асыру әрбіріміздің, өзін қазақстандық деп есептейтін жанның азаматтық борышы», - деді ол.

Сонымен қатар,  А. Мурадов атап өткендей, Жолдауда халықтың көңілін күпті қылған барлық мәселелер көрініс тапқан.

«Жолдаудың ерекшелігі біз көптеген сұрақтарға жауап алдық, одан күш алдық, ол шын мәнінде Қазақстанның тынысын жылдамдататын бастама», -деп жалғастырды А. Мурадов.

Мәжіліс депутатының айтуынша, Президент өзінің халыққа Жолдауында ҚХА рөлін ерекше атап өтті. Ал ол өз кезегінде оның мүшелерін дәл осындай жауапкершілікпен Елбасының көтерген бастамаларын жүзеге атсалысуға міндеттейді.

Индира Кауметова       

Барлық жаңалықтар