- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаев Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше елдердің үкімет басшыларымен кездесу өткізді
Нұрсұлтан Назарбаев Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше елдердің үкімет басшыларымен кездесу өткізді
Кездесуге Қазақстан Премьер-министрі Серік Ахметов, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Михаил Мясникович, сондай-ақ Украина Премьер-министрі Николай Азаров пен Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Жанторо Сатыбалдиев қатысты.
Кездесуге қатысушылар еуразиялық экономикалық интеграцияны одан әрі тереңдету, сондай-ақ 2013 жылы 29 мамырда Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асырудың кең ауқымды мәселелерін қарастырды.
Нұрсұлтан Назарбаев үкімет басшыларына ықыласын білдіре келіп, олардың жемісті жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдай жасалғанына сенімді екенін айтты.
«Мен сіздердің отырыстарыңыздың күн тәртібімен таныстым. Атап айтқанда, Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік бойынша, соның ішінде жаңа мүшелер мен бақылаушыларды қабылдауға қатысты одан арғы жұмысымызды талқылау міндеті тұр. Мұның бәрі оңай мәселе емес. Мен сіздер бұл жөнінде ортақ шешімге келесіздер деп сенемін. Кең ауқымдағы кездесу – еуразиялық интеграцияға зор көңіл бөлініп отырғандығының дәлелі», – деді Мемлекет басшысы.
Кездесу барысында Қазақстан Премьер-министрі С.Ахметов Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының күн тәртібіндегі негізгі тармақтар туралы баяндады.
«Алдағы отырыстың күн тәртібі айтарлықтай ауқымды. Бірінші кезекте мемлекет басшылары деңгейінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімдерін іске асыруға байланысты мәселелер қаралатын болады. Біз кедендік-тарифтік реттеуге байланысты Кеден одағы комиссиясы шешімінің, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешімінің орындалу барысын да қарастырамыз», – деді С.Ахметов.
Сондай-ақ, отырыста одан арғы интеграция мәселелерін, өзге де түрлі бағыттар мен экономика саласында өзара іс-қимылды күшейту жолдарын талқылау жоспарланған.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері