- Басты
- Жаңалықтар
- Ерейментау ауданында ЖҚЖК аясында 10 әлеуметтік нысан бейімделді
Ерейментау ауданында ЖҚЖК аясында 10 әлеуметтік нысан бейімделді
«Ауданда бағдарламаның бірінші бағыты «Инфрақұрылым мен ТКШ дамыту есебінен жұмыспен қамту» бойынша «Ақмола облысы Ерейментау қалалық №2 психо-педагогикалық түзету кабинеті» КММ ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Осы орайда бағдарлама бойынша 3 адам жұмыспен қамтылып, олар ішкі және сыртқы жөндеу жұмыстарын жасады», - делінген хабарламада.
«Ауданда 950 мүгедек бар. Соның ішінде 69-ы 16 жасқа дейінгі балалар. Жұмысқа қабілетті мүгедектер саны 331 адам. Солардың 212-і жұмыспен қамтылған. Осының арасында кәсіпкерлікпен айналысатындар саны 25 болса, 52-сі өзін өзі жұмыспен қамтушылар. Биыл әлеуметтік нысанның 10-ы бейімделді», - дейді Ерейментау ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Марина Сердцева.
Айта кету керек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру, бірінші кезекте, оқыту, жұмыспен қамту, тұрғылықты жері бойынша өз ісін кеңейту мен жаңа кәсіп бастауға бағытталған. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда төмен деңгейдегі экономикалық әлеуетке ие елді мекеннен экономикалық әлеуеті жоғары өңірлерге ерікті түрде қоныс аударуға көмектесу көзделген.
Сонымен қатар, аудан орталығында техникалық қызмет көрсету станциясы ашылды. Жас кәсіпкер Нұрсұлтан Әутәліпов Жұмыспен қамту орталығына барғанда өзін -өзі жұмыспен қамтушылардың бірі болатын. Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында алған 3 млн теңге көлеміндегі шағын несие есебінен автокөліктер диагностикасына компьютерлік құрылғылар сатып алды. Осылайша өз кәсібін ашып, ауылдастарын да жұмыспен қамтып отыр.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді