- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 20 пайызы Қытаймен арада жасалады
Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 20 пайызы Қытаймен арада жасалады
«Таяуда өткен Қазақстан мен Қытай мемлекет басшыларының кездесуінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығы сөз болып, Алматы өңірлік қаржы орталығы арқылы екі елдің төлем инфрақұрылымын дамыту қажеттілігі айтылған еді. Осы орайда бүгінгі China Union Pay компаниясының төлем жүйелеріндегі әлемдегі озық тәжірибесін Қазақстанға енгізудің маңызы зор», - деді Қ.Келімбетов.
Оның айтуынша, Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 20 пайызы Қытаймен арада жасалады, осы тұрғыда Қытай елімізбен сауда айналымының көлемі жағынан Қазақстанның сыртқы сауда әріптестерінің ішінде алғашқы үштікке кіреді.
«Қазақстан кез келген салада инновация мен жаңалықтарды құшақ жая қарсы алатын мемлекет. Бүгінде тұсауы кесіліп отырған Халықаралық біріңғай төлем жүйесінің бірлескен жобасы еліміздегі төлем қызметтерінің сапасын арттырып, азаматтардың әлемдік деңгейдегі төлем карталарын иеленулеріне жол ашпақ», - дейді ҚР Ұлттық банк төрағасы.
Айта кетейік, Қазақстанда Altyn UnionPay және Altyn UnionPay Gold бірегей ко-бренд төлем карталарын шығару бойынша еліміздің екінші деңгейлі банктерінің бірімен Union Pay International халықаралық төлем жүйесінің бірлескен жобасы іске қосылды. Халық банкінің Altyn жергілікті төлем жүйесі мен Union Pay халықаралық төлем жүйесі брендтерін қоса отырып шығарылған төлем карталары өте жоғары қауіпсіздік сапасына ие болуымен қатар, отандық және шет елдік коммерциялық банктерінің банкоматтарында қабылданады және қызмет көрсетеді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары