- Басты
- Жаңалықтар
- Президенттің жаңа Жолдауы Қазақстанның болашағын айқындайды – Логутов
Президенттің жаңа Жолдауы Қазақстанның болашағын айқындайды – Логутов
«Бұл Қазақстанның болашағын айқындайтын ұлы Жолдау. Н.Назарбаев Қазақстанның болашағына әсер ететін әлемдік факторларды атады. Қазақстан қазіргі таңда Орта Азиядағы алдыңғы қатарлы ел. Өңірдің транспорттық күретамыры біздің елдің аумағынан өтеді. Мойындау керек, қазіргі таңда көршілес елдердегі ахуалдың ушығып бара жатқаны белгілі. Ал біздің Президентіміз елдің алға қарай қарыштап дами беретініне сеніммен қарай отырып, Жолдауда бәріміздің жұмыла істейтін жұмыстарымызды атап көрсетті», - дейді Елбасы.
Сонымен қатар, фракция мүшесінің айтуынша, Ұлттық қордан бірінші траншпен берілген 500 млрд теңге өз иелерін тауып жатқанын тілге тиек етті.
«Жаңа экономикалық бағдарламаның қолға алынуы биылғы жылдың ақпан айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында-ақ айқындалып қойылған. Онда Мемлекет басшысы елдің алдағы даму жолын белгіледі. Сонда Елбасы шағын және орта бизнесті қолдау үшін Ұлттық қордан 1 трлн теңге қаражат 500 млрд теңгемен екі транш бойынша берілетінін айтқан. Бүгінгі таңда аталмы қаражат өз иелерін табуда. Шағын және орта кәсіпкерлікті жеңілдетілген несиемен қамтудың өзінен қосымша 4,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл біздің экономиканы дамытудың маңызды бір бөлігі», - дейді Логутов.
Сонымен қатар, Н. Логутовтың мәлімдеуінше, екінші транш енді тек мемлектетік атқарушы органдардың мойындарына жүктеледі.
«Аталмыш қаражаттың өз иелерін тауып, жергілікті жерлердегі кәсіпкерліктердің қолына тиюінде атқарушы органның, соның ішінде жергілікті биліктің жауапкершілігі қажет», - дейді.
Оның сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстанда берілген міндетті өз деңгейінде орындамау мәселесі байқалады, мұнымен күресу керек.
«Қазіргі таңда көптеген атқарылуы тиіс жұмыстардың орындалмай жатқанын біліп отырмыз. Елбасының айтқанындай, біздің елде мұндай тәртіпсіздіктің болмауы тиіс», - дейді.
Индира Қауметова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары