ҚР СІМ-де Қазақстанның көліктік және транзиттік әлеуеті таныстырылды

12 Қараша, 2014 15:48
Елдің көлік инфрақұрылымының дамуы дипломатиялық корпус пен шетел ұйымдары басшыларының брифингінде талқыланды, деп хабарлады ҚР СІМ.

«Шараның басты мақсаты – шетел әріптестерін Қазақстанның транспорттық саласы туралы ақпараттандыру, басым  бағыттардың таныстырылымын өткізу», - делінген хабарламада.

ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев дипкорпусқа Елбасының «Нұрлы жол» экономикалық саясатының басым бағыттарын атап өтті. Ол Мемлекет басшысы мен үкімет транзиттік-транспорттық әлеуетті қалыптастыруға аса назар аударып отырғанын айтты.

 

 

 

Барлық жаңалықтар