- Басты
- Жаңалықтар
- З. Бернеева: Президенттің Жолдауы - қазақстандықтар үшін әрекет ету алгоритмі
З. Бернеева: Президенттің Жолдауы - қазақстандықтар үшін әрекет ету алгоритмі
2015 жылға арналған Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы - ол «Нұрлы Жол» Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты экономикамыздағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталған. З. Бернееваның айтуынша, бұл әлемдік геосаяси дағдарыс кезіндегі заманауи қадам. Ол Жолдауда міндеттер және оларды шешу жолдарымен көрсетілген. Елбасы өз халқын қаржылай-экономикалық дағдарыстан қорғап қалғысы келеді, азаматтарының ертеңгі күнге деген сенімін нығайтып, әлемдік қауымдастыққа Қазақстан дамыған 30 елдің қатыранда екенін көрсеткісі келеді
«Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауымен таныса отырып, мына жайттар мені қатты куантты. Мемлекет басшысы мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын жою үшін 20 млрд теңге бөлуді тапсырды және бизнесті несиелендіру үшін қолайлы жағдай жасауды, яғни кәсіпкерлерге 6%-бен 10 жылға несие беруді міндеттеді. Мұндай тиімді шарттар бұрын сонды елімізде болған емес», - деп атап өтті ол.
Этномәдени бірлестік төрағасының айтуынша, бұл өз алдыңа жеке іс ашуда үлкен серпін береді.
«Бұдан басқа көлік жүйесін дамыту мәселесі де қатты қуантты. Өңіріміздің елордасынан алыс орналасқанына байланысты бұл алшақтықты, міндеттің маңыздылығын қатты сезінеміз. Айта кетерлік жайт, Елбасы экономиканы көтеру, денсаулық сақтау саласын дамыту, жұмысқа орналастыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес, дуалды білім беру сынды күрделі мәселелерді көтере отырып, этносаралық келісімді нығайту тақырыбын естен еш шығарған емес», - деді З. Бернеева.
«Келер 2015 жылды Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялады. Осы ретте этномәдени бірлестіктер бірлесіп бірқатар ауқымды шараларды өткізуді жоспарлаудамыз. Олардың барлығы бірлігімізді, достығымыз бен ынтымақтастығымызды одан ары нығайтуға бағытталады. Себебі бірлесе отырып біз Отанымызды үлкен белестерге жетелейтін жетістіктерге жете аламыз», - деп түйді ол.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы