• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының ойдағыдай жүзеге асары шүбәсіз – Қыдырғожин

«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының ойдағыдай жүзеге асары шүбәсіз – Қыдырғожин

12 Қараша, 2014 17:06
Елбасының жаңа Жолдауымен біздің Тайпақ ауылдық округінің жұрты да ынта-ықыласпен танысуда. Мемлекетіміздің басшысы дүниежүзілік дағдарысқа байланысты алдымыздағы 2-3 жыл біздің елімізге де оңай болмайтынын ашық айтып, соған байланысты шараларды мезгілінде қолдану керегін егжей-тегжейлі баяндап берді, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында БҚО Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің әкімі Боранбай Қыдырғожин мәлімдеді.

«Бұл шаралар көптен бері ойластырылып келе жатқанын сезу де қиын емес. «Қамданған қапы қалмайды» деген, Елбасымыз не істеу керегін нақпа-нақ айқындап берді. Ал қандайма қиын жағдайға қарсы мемлекетке сүйеніш болып, амал алу барлық қазақстандықтың міндеті», - деді Б.Қыдырғожин.

Тәуелсіздіктің аз ғана кезеңінде Қазақстан ондаған жылдарға татитын белестерді бағындырды. Бұған дос та, дұшпан да куә. Тіпті о баста орындалуы күмән туғызған талай межені алдық, деді ол.

«Елбасымыз жариялаған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты да  ойдағыдай жүзеге асары шүбәсіз. Бұл осыған дейін қол жеткізген жетістігімізді баянды етудің, қиын жағдайлар ұшыраса қалса, одан аман-есен шығудың кепілі», - деді ол.

.

Барлық жаңалықтар