Қызылорданың мемлекеттік кәсіпорындарында 1480 жұмыс орны ашылды

25 Қыркүйек, 2013 12:18
«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асқан кәсіпорындарда 1480 жұмыс орны ашылды, деп «Даму» Кәсіпкерлерді дамыту қорының аймақтық филиалының жетекшісі Жансұлтан Матаев хабарлады.

Бағдарламаның жүзеге асуы барысында 613,61 млн теңгені құрайтын 134 жоба субсидияланды. 15,4 млрд теңгені құрайтын 175 жоба құпталды.

«Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша 3275 адам оқытылды, ал «Кәсіптік байланыс» жобасының деңгейі бойынша «Тұран Профи» университетінде 54 кәсіпкер өз білімін шыңдады. Шет елде тәдірибеден өткендер саны – 8, ал «Назарбаев Университетінде» білім алғандар саны 23-ті құрады.  

Ж. Матаевтың айтуынша,  «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер 3 млн теңгені құрайтын  мемлекеттік грантқа ие бола алады.

«Қазіргі таңда аталмыш грантты 4 қызылордалық кәсіпкер иеленді. Кәсіпкерлерді қолдау үшін жастар орталығы да құрылды», - деп нақтылады ол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар