Ақтауда «Мұнай,Газ және Инфрақұрылым» көрмесі өтуде – ҰКП

12 Қараша, 2014 17:48
Қазақстанның теңіз астанасында тоғызыншы Маңғыстау өңірлік көрмесі өтуде.

Көрмеге Ирландия, Италия, Қазақстан, Қытай және Ресейдің 50 компаниясы қатысты.

«Отандық және шетел компанияларының өкілдері өңірлік кәсіпкерлер палатасымен жұмыс істеуге қызығушылық танытты. КП жетекшісі Жаңбырбай Доспановтың  айтуынша, көрме жаңа серіктестерді табуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының  өкілдері «ҚазМұнайГаз» АҚ ұйымдастырып отырған  өзекті мәселелер талқыланған   дөңгелек үстелге қатысты.

Сондай-ақ, облыс әкімдігінде «Өзенмұнайгаз» АҚ бірігіп Жаңаөзенде  шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері талқыланды. «Даму» қоры «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау құралдарымен таныстырды. 

Барлық жаңалықтар