- Басты
- Жаңалықтар
- БҚО-ның КП инвестициялық жоба үшін мамандарды қайта даярлау мәселесін шешті
БҚО-ның КП инвестициялық жоба үшін мамандарды қайта даярлау мәселесін шешті
Аталып өткендей, Оралда трансформатор шығаратын зауытты іске қосу жоспарланған, ол мұнай газ секторын, өндіріс ошақтарын, коммуналдық нысандарды, құрылыс, теміржол мен энегожүйе кәсіпорындарын электр қуатымен қамтамасыз ететін 250-ден астам түрі бар арнайы құрылғыны шығаратын болады.
2014 жылдың желтоқсан айында зауыттың бірінші кезегі іске қосылады. Алайда зауытта жұмыс істейтін адам жоқ, себебі өңірдегі бірде бір оқу орны қажетті білікті мамандарды даярламайды, деп ұлттық палатадан түсіндірді.
Хабарланғандай, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС бас директоры Махсатхан Бұрылбаев аймақтық кәсіпкерлер палатасына мамандарды дайындау үшін жедел көмек қол ұшын созуды өтінді. «Нәтижесінде Газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің директоры Серік Мұхамбеталиев ағымдағы жылдың «техник-электрик», «электрмен қамтамасыз ету» біліктілігі бойынша түлектерді қайта оқытуға келісті. Түлектерді іріктеу барысында диплом бойынша орташа балл есепке алынды. «Палата мен ЖШС оқу жоспарын мақұлдады. Оқудың - 40% теория болса, 60% өндірістік тәжірибе. Бүгінде 30 адам «Трансформатор құрастырушы» мен «Жоғары және төмен қысым орамын ораушы» мамандығы бойынша білімдерін жетілдіруде, - делінген хабарламада.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді