Қазақстан ипотекалық компаниясының активтері 14%-ға өсті

12 Қараша, 2014 12:14
Қазақстан ипотекалық компаниясының 2014 жылғы 9 айға арналған активтері 14% өсіп, шоғырландырылған қаржылық есептілікке сәйкес 175 млрд. теңгені құрады, деп хабарлады ҚИК.

«Компания міндеттемелері 5% өсіп, 130 млрд. теңгені құрады, меншік капиталы 51% өсіп, 45 млрд. теңгені құрады. 2014 жылғы 9 айға арналған таза табыс 1,2 млрд. теңгені құрады», - делінген хабарламада.  

«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының аясындағы «ҚИК»ИҰ»АҚ Тұрғын үйлері» бағыты бойынша (бағдарлама операторларының бірі) Алматы қаласында тұрғын үй салу құрылыстары аяқталды. Павлодар, Шымкент, Астана и Қарағанды қалаларында 94 527 шаршы метр тұрғын үйлер құрылысы салынып жатыр.

ҚИК «Сатып алу құқығымен жалға беру» туралы өз бағдарламасы аясында Алматы қаласында 24 мың шаршы метрден асатын  тұрғын үйлерді  сатады.

 

 

Барлық жаңалықтар