- Басты
- Жаңалықтар
- «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация бағдарламасы аясында алғашқы құжатты дайындады
«Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация бағдарламасы аясында алғашқы құжатты дайындады
Бұл туралы 2014 жылғы 11 қарашада Директорлар кеңесі мүшелерімен өткен VII кездесуде «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.Оның айтуынша, Трансформация бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін Қор компаниялар тобында тіке корпоративтік басқару тетігін енгізу керек: әр адамның ролі мен жауапкершілігін нақты айқындау қажет. «Корпоративтік басқару Трансформация бағдарламасының өзегі болып табылады. Корпоративтік басқаруда табысқа жетсек - «домино эффектісіндей», бұл табыс Бағдарламаның басқа да бағыттарына оңды ықпал етеді», - деді Ө.Шөкеев, құттықтау сөзінде.
Жаңа Кодекс жобасы Қор мен Қор тікелей немесе жанама 50 %-дық дауыс беруші акциясы (үлесі) бар ұйымдарға қатысты. Құжатта Қорды Үкімет тарапынан ерекшелігі айқындалған, бұл инвесторлардың Топтағы корпоративтік басқару жүйесін мейлінше түсінуіне, тәуекелдерді бағалауына мүмкіндік береді. Тұрақты даму мен тәуекелдерді басқару Кодекстегі жаңа бөлімдер. «Біз бизнесті жауапкершілікпен жүргізуіміз керек, акционерлер үшін, бүгінгі, болашақтағы ұрпақтар үшін құндылықтар жасауымыз қажет. Біз «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруды «тұрақты даму» қағидасы арқылы жүргіземіз» деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова. Жобада портфельдік компаниялардағы директорлар кеңесінің тиімділігін арттыруға да ерекше көңіл бөлінген.
«Кодексті жасау өткен жылдың сәуір айынан бері, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Қор мен оның компаниялары менеджменті және Топ директорларының қатысуымен басталған болатын», - делінген хабарламада.
Кездесу барысында Қордың еншілес компанияларындағы «жол картасын» жасау қажеттігі айтылды. Қор өз кезегінде бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде әр компанияға әдістемелік және практикалық көмек көрсететін болады, соның ішінде бас директорлар мен қызметкерлер, бизнес-трансформация мен IT арқылы тіке байланыс жасайтын болады.
Айта кетейік, 2014 жылғы 6 қазанда, Астанада ҚР Президентінің қатысуымен Трансформация бағдарламасының ресми таныстырылымы өткені белгілі. Трансформация бағдарламасы – бұл Қор мен оның бақылауындағы портфельдік компаниялар қызметін ауқымды жаңарту, жандандыру және холдингтің қазіргі мемлекеттік активтерге әкімші болу әдісінен белсенді инвесторға айналдыруды көздейді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды