• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жыл соңына дейін 159 гектарға тамшылап суару әдісі енгізіледі – ОҚО әкімдігі

Жыл соңына дейін 159 гектарға тамшылап суару әдісі енгізіледі – ОҚО әкімдігі

12 Қараша, 2014 18:36
ОҚО-да тамшылатып суару әдісі 357,6 га енгізіліп, 1543 га жеткенін, жыл соңына дейін 159 гектарға енгізіледі, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Агроөнеркәсіптік кешенін 2011-2015 жылдарға дамытуға арналған іс шарасы жасалынып, 14468,1 млн теңгенің өнімі өндірілді», - делінген хабарламада.  

Егістікті әртараптандыру нәтижесінде жоспарланған 85300 га егістік жер толығымен игерілді. Егілген 40600 га астық орылып 69800 тонна астық бастырылып орта өнім 17,2 центнерден айналуда.

Астық оруға 207 комбайн қатыстырылып, ысырапсыз жиналып алынды дейді, аудан басшысы. Сонымен қатар 9 гектарға жылыжай салу тапсырмасы 9,64 гектарға, яғни 107,1 пайызға орындалып, жалпы 73,2 га жеткізілді.

 

 

Барлық жаңалықтар