• Басты
  • Жаңалықтар
  • ОҚО-ның Қазығұрт ауданында ҮИИД МБ аясында 1129,5 млн теңгенің 3 жобасы жүзеге асты

ОҚО-ның Қазығұрт ауданында ҮИИД МБ аясында 1129,5 млн теңгенің 3 жобасы жүзеге асты

12 Қараша, 2014 10:48
ОҚО-ның Қазығұрт ауданында ҮИИД индустрияландыру картасы аясында 1129,5 млн теңгеге 3 жоба жүзеге асырылды, деп хабарлады аудан әкімі Болатбек Қыстауов.

Оның айтуынша, келер жылға ауданда құс еті фабрикасы, мал бордақылау алаңы мен үйректер мен балық өсіру шаруашылығын ашу жоспарланған. Сонымен қатар, 130 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. ««Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 8 жоба қолдау тапты, оның төртеуі бойынша инфрақұрылым жүргізіліп қойған», - деді әкім.

Ол атап өткендей, Қазығұрт ауданында жыл басынан бері 353602 млн теңгенің өндірістік өнімі өндірілді. Ал, ШОБ субъектілерінің саны 5981 данаға жетті,  өткен жылмен салытырғанда өсім 106,5% құрады.

Бұдан басқа негізгі капиталға инвесиция көлемі 8969,4 млн теңгені көрсетті, оның ішінде  2288,8 млн теңге - бюджеттен тыс инвестиция.

Барлық жаңалықтар