• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жапония Жамбыл облысының ауруханасына 19 млн теңге қайтарымсыз қаражат бөлді

Жапония Жамбыл облысының ауруханасына 19 млн теңге қайтарымсыз қаражат бөлді

12 Қараша, 2014 10:33
Жапония үкіметі Шу қалалық ауруханасына 105,5 мың АҚШ долларын құрайтын қайтарымсыз грант бөлді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Жапония үкіметінің гранты бойынша қараша айында жеткізілетін құрылғылардың саны-11, жалпы құны- 19 151 335,5 теңге. Олардың қатарында аса қажет КТГ тіркеуіне арналған толық (эмбриондық) мониторы, MISUNO MOT операциялық үстелі, BSM-3562 моделі кардиомониторы бар», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, 2014 жылдың 17-наурызында Жапония елшісі Масайоши Камохара мен Шу қалалық ауруханасы бас дәрігерінің арасында  «Шөп тамырлары» жобасы бойынша  құны 105,5 мың АҚШ долларын құрайтын грантты келісім шартқа қол қойылған болатын.

Аталған грант негізінде алынатын заманауи жабдықтар Шу қаласы мен аталған аудандағы науқастарды  емдеу үшін қолданылмақ. 

бар.

Естеріңізге салайық, адам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған  «Шөп тамырлары» деп аталатын орта деңгейдегі әлеуметтік жобалар 1998 жылы басталған болатын. 

Бұл бағдарламаның мақсаты -  шағын ауқымдағы әлеуметтік жобаларды қолдау, қарапайым халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып саналады. 

Барлық жаңалықтар