- Басты
- Жаңалықтар
- Инновациялық даму қазақстандық білім беру бәсекелестігінің қалыптасуына әсер етеді - Қожамжарова
Инновациялық даму қазақстандық білім беру бәсекелестігінің қалыптасуына әсер етеді - Қожамжарова
««Нұрлы жол» – «Қазақстан-2050» даму стратегиясын жүзеге асыруда тағы да бір маңызды қадам. Жолдауда Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының негізі ішкі өнімді арттыруға күш салу екендігіне баса назар аудара отырып, жол қатынасын жақсарту арқылы елдің ішкі әлеуетін арттыру ерекше аталып өтілді. Әрине, тоғыз жолдың торабы арқылы мәдениет те, өркениет те, экономика да өркендейді», - деді Д.Қожамжарова.
Оның айтуынша, елімізде білім, ғылым, экономиканы дамытуға ерекше ден қойылған және Қазақстан өз толеранттылығының арқасында бүгінде бәсекеге қабілетті әлем таныған мемлекеттердің қатарында. Республикамыздың Орталық Азия елдерінен ерекшелігі сол, дамудың 2050 жылға дейінгі стратегиясының жоспарланып, жүйелі іске асырылуында.
«Жолдаудағы білім беру саласы қызметкерлерінің көңілінен шыққан тұс: біріншіден, апаттық мектептер мен үш ауысымда оқу мәселесін шешуге бағытталған міндет, екіншіден, балабақшалардағы орын тапшылығын қысқартуға нақты іс-шаралардың бағытталуы, үшіншіден, маман даярлау және ғылым мен экономика салаларының байланысын қамтамасыз ететін жоғары оқу орындарының анықталуы, төртіншіден, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге туылатын зор мүмкіндік деп білемін», - деді ол.
«Нұрлы жол – болашаққа бағыт» жолдауының ерекшелігі және Елбасының көрегендігі әлемдік дағдарыстан шығу мақсатында стратегиялық маңызды салаларды ұлттық қордан кезең-кезеңімен қаржыландырып, дамыту.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі