- Басты
- Жаңалықтар
- ТМД елдерінің Қорғаныс министрлері 2020 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық тұжырымдамасын талқылады
ТМД елдерінің Қорғаныс министрлері 2020 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық тұжырымдамасын талқылады
Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, кеңес жұмысына ТМД-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары: Қазақстаннан – Иманғали Тасмағамбетов, Ресей Федерациясынан – Сергей Шойгу, Қырғызстаннан – Абиболла Құдайбердиев, Армениядан – Сейран Оганян, Әзербайжаннан – генерал-полковник Закир Гасанов, Беларуссиядан – Юрий Жадобин, Өзбекстаннан – Кобул Бердиев қатысты.
Қорғаныс министрлері Достастық елдерінің 2020 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасын талқылады. Аталған құжатты әзірлеу туралы шешім 2014 жылы Астанада өткен ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінде қабылданған болатын.
Сондай-ақ, әуе-ғарыш қорғанысын дамытудың, әуе шабуылына қарсы біріккен қорғаныс жүйесін нығайтудың, ТМД қарулы күштерін инженерлік қамтамасыз етудің тұжырымдамалық тәсілдері қаралды.
Сонымен қатар, Достастық армиялары әскери қызметшілерінің өзара іс-қимылын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Бұл ретте Қазақстан Қорғаныс министрлігі ұсынған әскери-кәсіби шеберлік бойынша Достастық мемлекеттері қарулы күштері әскери қызметшілерінің жарысын өткізу жөніндегі бастамасы атап өтілді.
«ТМД-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жалпы жүйедегі әскери ынтымақтастықтың маңыздылығын ескере отырып Қорғаныс министрлері радиациялық, химиялық және биологиялық ахуалды бақылау саласындағы, Достастық елдері қарулы күштері мүддесі үшін геокеңістіктік ақпаратты жедел алмасу құжаттарына қол қойды», - делінген хабарламада.
Кеңесте талқыланған маңызды құжаттың бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу жөніндегі Достастық елдері қорғаныс ведомстволарының бірлескен даярлық жоспары болды.
Отырыста сондай-ақ бірқатар қаржылық, кадрлық және рәсімдік мәслелер бойынша шешімдер қабылданды. Әскери ынтымақтастықтың басым бағыттарын дамыту аясында әскери мақсаттағы бірлескен жүйелерді жетілдіру мәселелеріне көңіл бөлінді.
ТМД Қорғаныс министрлері кеңесі 1992 жылғы 14 ақпанда Достастық мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен құрылған.
1994 жылғы сәуірде ТМД ҚМК функцияларын, құрылымын, құрамы мен қызметін ұйымдастыруды айқындайтын ТМД ҚМК туралы ереже жаңа редакцияда бекітілді.
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті