Нұрлы жол – болашаққа жол сілтер айқын меже – Малғаждаров

12 Қараша, 2014 09:16
«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысында жария етілген бұл жолғы Жолдауында ел Президенті дәл қазіргі жағдайға сәйкес, іс-қимыл бағдарын алға тартты. Бұл – барлық қоғам мүшелері үшін ертеңге жол сілтер айқын меже болып табылады, деді strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Малғаждаров.

«Әлемдік экономикада дағдарыс салқыны сезілген қазіргі кезеңде Ұлттық қорда жинақталған қаражатты пайдалану сәті келгендігін атап өтті Елбасы. Ұлттық қордан алдағы үш жыл бойы жыл сайын 3 миллиард  теңгеден бөлініп, ол халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмсалмақ.Қазақстан Президенті экономикадағы тосқауылдарға қарамастан, мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін   тоқтатпайтындығын атап көрсетті. Яғни, әлеуметтік төлемдер көлемі төмендемек емес», - деді ол.

Аға буын өкілдері мемлекеттің өздеріне қамқорлығын ұдайы сезініп келеді. Оған республика, облыс, аудан көлемдерінде атқарылып жатқан игі істер дәлел.

«Алдағы жылы еліміз үшін аса маңызды оқиғалар – қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституцияның 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы атап өтіледі. Мерекелерді атап өту қазақстандық патриотизмнің, ел бірлігінің нығая түсуінің маңызды факторы болып табылады. Ардагерлер ұйымы бұл шараларға бірінші кезекте үн қосатын болады», - деді С.малғаждаров.

 

Барлық жаңалықтар