- Басты
- Жаңалықтар
- Мароккоға ресми сапары аясында Қ.Тоқаев бірқатар екіжақты кездесулер өткізді (Фото)
Мароккоға ресми сапары аясында Қ.Тоқаев бірқатар екіжақты кездесулер өткізді (Фото)
«Қ.Тоқаев Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» Қазақстан халқына Жолдауындағы басымдықтар туралы хабардар етіп, бұл стратегиялық құжаттың қазіргі әлемдегі дағдарыс көріністері кезінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Төраға сондай-ақ 2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бесінші Съезіне әзірлік туралы әңгімеледі», - делінген хабарламада.
М.Биядилла Марокконың әлеуметтік-экономикалық дамуы және араб әлемі мен Африка құрылығындағы жағдай туралы ақпаратпен бөлісті.
Жүздесушілер екі ел парламенттері депутаттарының ынтымақтастық топтарының әлеуетін белсенді пайдалануға уағдаласты. «Заң шығару қызметінің тәжірибелері мен екіжақты қатынастарды кеңейту жолдары туралы пікір алмасу үшін достық топтары мүшелерінің кездесулерін жүйелі түрде өткізу өте пайдалы болады деп ойлаймын», - деп атап өтті Қазақстан Сенатының Төрағасы.
Қ.Тоқаевтың Марокко Парламенті Депутаттар палатасының Төрағасы Р.Аль-Алямимен кездесуінде Қазақстан мен Марокко қатынастарының ауқымды мәселелері талқыланды. Қазақстан Сенаты делегациясының сапары екіжақты ынтымақтастық тарихында алғашқы парламенттік сапары екенін атап өткен Сенат Төрағасы парламентшілер арасында екіжақты негіздегі, сондай-ақ Парламентаралық Одақ және Ислам ынтымақтастығы Ұйымы Парламенттік Одағы аясында байланыстарды одан әрі дамыту жайында айтты.
Сенат Төрағасы сондай-ақ «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуде Қазақстан кандидатурасын қолдағаны үшін Мароккоға ризашылық білдірді және марокколық компаниялардың халықаралық көрмеге қатысатынына сенім артты. Премьер-министр әлемдік маңызы бар шараға марокколық компаниялардың қатысуын қамтамасыз етуге уәде берді.
Қ.Тоқаев сондай-ақ еліміздегі экономикалық ахуалмен танысу үшін Марокко Премьер-министрінің бизнесмендер тобымен бірге Қазақстанға келгенін қалайтыны жайында айтты.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді -
Қазақстан бірқатар мемлекетке рейстер санын арттырмақ -
Мемлекеттік емес ұйым саналатын мекемелерге ресми сайтта ақпаратты ашық жариялау міндеттеледі -
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ -
Сайлауалды үгіт-насихат: Өңірлердегі кездесулер жалғасуда