• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасына 3 мыңдай адам қатысты

Ақмола облысында Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасына 3 мыңдай адам қатысты

11 Қараша, 2014 19:06
Ақмола облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына 3 173 адам қатысты, деп хабарлайды әкімдік.

Әкімдіктің хабарлауынша, Сабынды ауылдық орта мектебіне бағдарламаның бірінші бағыты «Инфрақұрылым мен ТКШ дамыту есебінен жұмыспен қамту» аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектепті жөндеу жұмыстарына қатысқан ауылдың он тұрғыны Қорғалжын  аудандық «Таңдау» еңбек ресурстарын дайындау орталығынан оқып қайтты.

Бүгінде Қорғалжың ауданында 256 мүгедек бар, олардың 16-сы бала, 240-ы ересек. Солардың ішінде 95-і еңбекке жарамды болса, 45-іне әлеуметтік қорлар, әлеуметтік сақтандыру мен төлемдер төленеді. 26 мүмкіндігі шектеулі жан өзін-өзі жұмыспен қамтыған. 22-сі жұмыссыз. Хабарламада айтылғандай, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бүгінде мүмкіндігі шектеулі екі адам оқытылды. Олар да еңбекке араласқан.

«Биыл біз халықтың барлығын жұмыспен қамтуға кірісіп, нәтижесінде бірнеше жылдан бері жұмыссыз жүрген азаматтар да екі қолға бір күрек таба бастады. Қазіргі таңда біз әлеуметтік инфрақұрылымдар нысандарын бейімдеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз деуге болады. Биылғы жоспарда 20 нысанды бейімдеу қарастырылған. Бейімдеу жұмыстарын қажет ететін бізде қазір 65 нысан тіркеуде тұр. Осы бағыттағы жұмыстарды қолға алудамыз», - дейді Қорғалжын ауданы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қайрат Төлеубаев.

Барлық жаңалықтар