- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жас отбасылардың проблемаларын жаңа тұрғын үй бағдарламасы шешеді
Қазақстанда жас отбасылардың проблемаларын жаңа тұрғын үй бағдарламасы шешеді
«Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту, агломерацияны қалыптастыру еңбек нарығына және тұрғын үй қорына үлкен салмақ салуда», - деп есептейді Президент.
Осы ретте, Елбасының айтуынша, жалға берілетін үйлердің құрылыс тәсілін қайта қарастыру керек.
«Мемлекет әлеуметтік жалға берілетін үйлерді салатын болады және оны халыққа ұзақ мерзімге болашақта сатып алу құқығымен жалға береді. Қолдағы бар дүние қомақты қаржыны, алғашқы салымды қажет етеді және банктер несиені өте жоғары пайызбен - 20%-ға дейін береді. Халық төлей алмайды және олардың арқашан проблемалары болады. Бақуатты жандар үшін бұл қалыпты жағдай», - деп ағынан жарылды Н.Назарбаев.
Жаңа тұрғын үй бағдарламасы жас отбасылардың тұрғын үй мәселесін шешуге және шын мәнінде оны қажет етіп жүрген жандардың проблемасын шешуге арналған, деп атап өтті Мемлекет басшысы.
«Жаңа бағдарлама бойынша үй беру тікелей жүргізілетін болады және несиенің пайыздық үстемақысы барынша төмен болады, ал қызмет көрсеткен үшін 1-2% жеткілікті. Алғашқы салым мен пайыздық үстемақысы төмен ипотека қазақстандықтар үшін қолжетімді болмақ. Сондықтанда жалға берілетін үйлердің құрылысы үшін бөлінетін қаржы сомасын 2015-2016 жылдар аралығында қосымша 180 миллиард теңгеге көбейтеміз», - деді Мемлекет басшысы.
Камила Амирова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды