• Басты
  • Қазақстанның Ұлттық кітапханасына неміс тіліндегі кітаптар тапсырылды

Қазақстанның Ұлттық кітапханасына неміс тіліндегі кітаптар тапсырылды

11 Қараша, 2014 19:21
Алматы қаласында ҚР Ұлттық кітапханасында ҚР ГФР-дағы Елшілігінің «Қазақ кітапханасы» жобасы аясында Қазақстанның қоғамдық-саяси қайраткерлері, жазушылары мен ақындарының неміс тілінде шығарған кітаптарын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

«Шара барысында ЮНЕСКО жанындағы ҚР бұрынғы Тұрақты өкілі, атақты ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Европадағы халықтың саны жағынан көп және дүниежүзілік саясат пен экономика жүйесінде басты ойыншыларының бірі болып табылатын елде қазақ әдебиетін дәріптеу сұрағы жас мемлекет үшін өте өзекті болып табылатындығын жеткізді», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде ҚР ГФР-дағы Елшісі Болат Нүсіпов жиналған жұртшылыққа бұл ұзақ мерзімді жоба Қазақстан мен Германия ынтымақтастығының мәдени-гуманитарлық саласындағы «іргетасының» бірі екендігін атап өтті. 2006 жылдан бастап Қазақстанның Германиядағы Елшілігі ГФР-дың баспаларымен ынтымақ жасай отырып қазақ әдебиетінің жиырмадан аса туындыларын неміс тілінде қайта бастырды.

ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директорының бірінші орынбаары Б.Оспанова аталған жобаның ерекшерілін атап өтті. Бұл жоба Қазақстанның дүниежүзілік мәдени және білім саласында ҚР ұлттық мүдделеріне сәйкес келеді.

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, әр кітаптың жарыққа шығуы көрнекті неміс әдебиетшілерінің, сыншыларының, жазушылар мен ақындар қоғамының, сондай-ақ    Германияның БАҚ өкілдерінің қатысуымен Берлинде салтанатты тұсаукесер рәсімімен жүзеге асырылады. Кітаптар «Қазақ кітапханасы» деген бірыңғай әрленген логотиппен шығады.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар 2014 жылдың наурыз айында Берлинде ашылған Қазақ экономика және мәдениет орталығын ары қарай дамыту жөніндегі қадамдарды талқылады. Соның ішінде, ҚР ұлттық кітапханасы жақын арада аталған Орталыққа классиктердің, жаңа замандағы қазақ әдебиеті авторларының еңбектерін, қазақстандық БАҚ журналдары мен газеттерін, оқулықтар мен сөздіктерді, мемлекеттік тілді үйренуге арналған оқу құралдарын, сонымен қоса ҚР туралы баспа және электрондық имидж өнімдерін табыс ететін болады.

 

Барлық жаңалықтар